Жаңа неке қию орталығы: заманауи форматтағы салтанатты рәсімдер

25

Бүгін Тараз қаласында жаңа Неке қию орталығының ашылу салтанаты өтті. Орталық «Ұлы дала» шағын ауданы, 137-үй мекенжайында орналасқан. Салтанатты шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты, деп хабарлайды Мемлекеттік корпорацияның Жамбыл облысы бойынша филиалы.
Енді қала тұрғындары некелерін тіркеп, маңызды отбасылық шараларды заманауи әрі жайлы кеңістікте өткізе алады. Мұнда неке қиюмен қатар, сәбидің дүниеге келуіне немесе мерейтойға арналған салтанатты іс-шараларды да ұйымдастыруға болады.
Орталық «Ұлы дала» шағын ауданында орналасқан. Бұл аудан облыстағы халық тығыз қоныстанған тұрғын массивтерінің бірі болып саналады, мұнда шамамен 45 мың адам тұрады. Орталықтың ғимараты облыс әкімдігінің қолдауымен жөнделіп, қазіргі заман талаптарына толық сай келеді.Орталықта кең салтанат залы, қалыңдық пен күйеу жігітке арналған бөлме, фотосессия жүргізуге арналған алаң және фуршет аймағы қарастырылған. Залдың классикалық дизайны мен ойластырылған интерьері жайлылық пен мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
«Біз мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше мән береміз. Тараз қаласындағы жалғыз неке қию орталығының ашылуы – Филиал мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылдың нәтижесі. Осы маңызды жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін Жамбыл облысының әкіміне алғысымды білдіремін», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.
«Неке қию орталығының ашылуы – өңір тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға, халыққа қолайлы жағдай жасауға бағытталған игілікті іс. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мықты мемлекеттің тірегі – мықты отбасыдан басталатындығын әрдайым айтып келеді. Расымен де, отбасы – қоғамның іргетасы, тірегі. Сондықтан әрбір жас жұптың шаңырақ көтеруі – ерекше құрметке ие сәт», – деп толықтырды Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.
Сапар аясында делегация осы ғимаратта орналасқан жаңғыртылған ХҚКО-ның жұмысымен де танысты. Орталық қызметкерлері қонақтарға цифрлық кеңсенің функционалды аймақтарға бөліну ерекшелігін көрсетті. Мұндай құрылым қызмет көрсету секторларына келушілер легін біркелкі бөлуге мүмкіндік беріп, жұмыстың тиімділігін арттырады. Қызмет алушыларға ыңғайлы жағдай жасауға кең зал мен заманауи жабдықтар да септігін тигізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.