Жаңа мүмкіндік

278
Кез келген аймақтың экономикасына инвестиция салудың рөлі зор. Инвестиция тарту − кәсіпкерлердің жобаларын ұлғайтуға мол мүмкіндік береді. Біздің аудан да соңғы уақытта инвесторлар көптеп келетін экономикалық аймаққа айналды.
Бүгін аудандағы ірі компания «Жел электр станциясы» ЖШС-нің өкілдері Ян Фугань мен Жанг Лиангті қабылдадым. Екіжақтық кездесу барысында желден қуат алатын электр станциясының екінші кезеңіндегі жұмысы талқыланды. Шетелдік инвесторлар жыл аяғына дейін жобаның құрылысын аяқтайтындықтарын аудандағы ауа-райының жел қуатын өндіруге өте қолайлы екенін жеткізді.
Өз кезегімде ауданға инвесторлар тарту арқылы халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейтінімізді, тиімді әлеуметтік жобалармен жұмыс істеуді ұсындым. Осы уақыт аралығында компания тарапынан бірнеше қайырымдылық шаралары мен «Ақбұлақ» демалыс алаңы, орталық алаңдағы жаздық сахна, аудандық ауруханаға жедел жәрдем көлігін әперу жүзеге асқан. Бұл жұмысты ар қарай жалғастыратындықтарын жеткізді.
Жел электр станциясының салынуы еліміздің энергетикалық қажеттілігін шешіп, қос елдің табысты да, тиімді қарым-қатынастары ауданның экономикалық дамуына жаңа мүмкіндік беретіндігі сөзсіз. Бұл бойынша екіжақты келісім аясында жұмыстар атқарылады.

Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.