Жаңа Конституция жобасын қолдау

64

⚽️ Таразда спорт пен өнер тоғысты: жаңа Конституцияны қолдауға арналған ерекше матч өтті.

Тараз қаласының орталық стадионында 15 наурызда өтетін референдум қарсаңында ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды. Өңірлік «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының қолдауымен өткен бұл басқосуға шамамен 8 мыңнан астам көрермен жиналды.

Кештің басты оқиғасы – жаңа Конституцияны қолдауға арналған ерекше футбол матчы болды. Ала доп додасына Олимпиада чемпионы Елдос Сметов, медиа кеңістікте танымал тұлғалар Жансерік Қадырбаев, Арман Жаналиев, Есентай Джасткинг және Темірлан Блушинов қатысып, жанкүйерлерге әсерлі ойын сыйлады. Сонымен қатар Тараз қаласының бірқатар танымал азаматтары да алаңға шығып, мерекелік атмосфераны қыздыра түсті.

Матчтың үзілісінде сахна нағыз концерт алаңына айналды. Көрермендерге танымал әншілер Альтаир & Абби Женис пен Рик өздерінің хит әндерін орындап, стадиондағы көпшіліктің зор қошеметіне бөленді.

✅ Шара барысында өңірлік коалиция мүшесі Уалихан Болатбек пен жас айтыскер ақын Жанерке Қамбар жаңа Ата Заң жобасының негізгі бағыттары мен оның қоғам үшін маңызын түсіндіріп өтті. Олар тараздықтарды 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Спорт, өнер және азаматтық белсенділік тоғысқан бұл кездесу Тараз тұрғындары үшін нағыз мерекеге айналды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.