Жаңа Қазақстанға Президентпен қадам басамыз

797

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Nur Otan партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді.

Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының Төрағасы болып сайланды.

Мемлекет басшысы еліміз үшін сын сағаттарда батыл шешімдер қабылдап, еліміздің бірлігі мен халқымыздың тұтастығын сақтап қалды.

Мен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа толықтай сенім артамын және жаңа Қазақстанды құру бастамасын қолдаймын.

Болашақты құру Сізбен біздің қолымызда десек, жаңа Қазақстанды озық білімді, ұшқыр ойлы, елге пайдасы тиер азаматтардың ғана құра алатынына сенімім мол.

Осы ретте, жаңаны үйреніп, ізденіс пен дамудың жолына түсіп, туып өскен елімнің өсіп өркендеуіне адал қызмет атқарамын деп сенемін.

Мырзағали Мадимаров, Байзақ аудандық маслихатының депутаты

Leave A Reply

Your email address will not be published.