Жаңа Қазақстанды бірге құруға дайынмын – Раушан Аймурзаева

125

«Amanat» партиясының облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер арасында жаңа есімдер көп. Олар бұрын саясатқа араласпаған, бірақ қоғам жанашырлары. Солардың бірі – Раушан Аймурзаева.

Ол осы жолы партияға Жаңа Қазақстанның іргесін бірге қалауға бел буып келгенін айтады.

– Мен осы күнге дейін саясатқа араласқан емеспін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекеттігіміздің жаңа дәуірі басталды. Мақсатымыз – Әділетті Қазақстанды құру» деп айтқан болатын. Президентіміздің осы сөзі менің саясатқа келуіме себеп болды. Мен Маңғыстаудың тумасымын. Балаларым да осы жерде балабақша, мектепке барады. Біз де өзгелер секілді медициналық көмекке жүгінеміз. Дүкендегі азық-түлікті сатып аламыз. Бірақ, облыста мектеп, балабақша тапшылығы, медициналық көмектің қолжетімсіздігі, азық-түлік бағасының күннен-күнге қымбаттауы, жемқорлықтың жайлауы мені алаңдатады. Сондықтан заңгер ретінде осы мәселелерді шешуге үлесімді қосу міндетім деп білемін. Сондай-ақ балаларымның қуатты, бай, әділетті Қазақстанда өмір сүргенін қалаймын. «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасында мен атаған мәселелердің шешу жолдары барлығы қамтылған. Бүгінгі күні халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтардың жағдайын жақсартуға арналған мемлекеттік бағдарламалар да жетерлік. Бірақ соның кейбірі халыққа тиісті деңгейде жетпей жатыр. Сол мәселенің шешілуіне де заң жүзінде өз үлесімді қосқым келеді,-дейді Раушан Аймурзаева.

Раушан Нұрғалиқызы 20 жылдан бері жеке кәсіппен айналысады. Негізгі мамандығы – заңгер. Ол Маңғыстау облысы, Актау (Шевченко) қаласында, көпбалалы, жұмысшылар отбасында дүниеге келген. Бүгінде ол сүйікті жар, 3 баланың анасы. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.

«ASSYL TRANS GROUP» ЖШС құрылтайшысы. «Халық алғысы» ҚР Президентінің медалінің иегері, «Даңқ жұлдызы» орденімен марапатталған. Бүгінгі күні ауыл тұрғындарына, жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға және тарихи отанына оралған қандастарға кәсіп бастау тұрғысынан заңгерлік, салықтық және басқа да мәселелер бойынша кеңес береді.

– Бұл менің туған өлкемнің өркендеу жолында атқарған жұмысымның аз ғана бөлігі, алда қоғамымыздың игілігі үшін еңбек етуге әркез дайынмын! Ұстанымым – әлеуметтік әділдік және қоршаған ортамның өркендеуіне үлес қосу, – дейді Раушан Аймурзаева.

Тапсырыс беруші: Н.Қарасаев.

Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

https://turkystan.kz/article/216233-zhana-kazakstandy-birge-kuruga-dayynmyn-raushan-aymurzaeva/

Leave A Reply

Your email address will not be published.