ЖАҢА БАСШЫ ҰЖЫМҒА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

254
Әр мемлекеттің әл ауқытты болуы ауыл шаруашылығына тікелей байланысты. Себебі бұл саланы халық асыраушы сала деп біледі. Сондықтан еліміздің асыраушы салаға көрсетер қолдауы әрдайым ерекше. Жамбыл облысы оның ішінде Шу ауданы шаруалар мен шопандардың, дихандардың шоғырланған жері десек қателеспейміз. Соның барлығын ұйыстыру асыраушы салаға жетекшілік ететін басшы мықты болуы тиіс.
Халқымызда жас келсе іске деген жақсы сөз бар. Соңғы уақытта жауапты қызметке тағайындалып жатқан жастар қатары көбейіп келеді. Оған жуырда болған тағайындау дәлел болмақ.
Аптаның ортасында аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөліміне жаңа жетекші тағайындалды. Енді Қайсар Құттыбеков өңіріміздің негізгі саласына басшылық етеді. Іріктеуден өткен жаңа басшыны тағайындау туралы аудан әкімінің өкімін оқыған аппарат басшысы Нариман Жетпісбайұлы аталған бөлімнің ұжымына Қайсар Қоныспайұлының өмірбаянымен таныстырды.
Сондай-ақ жауапты жұмысқа кіріскен жаңа басшыға сәттілік тілеп, артылған үмітті ақтайтынына сенім білдірді. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Бақыт Бетбаев та өз атынан құттықтап, толайым табыс тіледі.
Өз кезегінде Қайсар Қоныспайұлы да аудан басшылығына алғысын айтып, сеніп тапсырылған саланы дамытуға сөз берді.
Айта кетейік, Қайсар Құттыбеков 1988 жылы Шу ауданында дүниеге келген. 2012 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің «кадастр» мамандығы бойынша бітірген. Шаруашылық та және басқа салаларда еңбек етіп, кейінгі жылдары аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде қызмет атқарған. Осы бөлімде 13 жыл бойы қатардағы қызметкерден бастап бас маман лауазымына дейін көтерілген. Біз де басылым атынан жас әрі жаңа басшыға сәттілік тілеп, ілкімді істері көп болсын деп тілейміз!

 

Шу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.