ҮШАРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

53

Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Конституциялық Заңына сәйкес, Талас ауданы, Үшарал ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілген болатын.
Сайлау қорытындысы бойынша Талас ауданы әкімі Нұрбол Жүнісбековтың өкімімен Самат Батылханұлы Ақпанбетов Үшарал ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Самат Батылханұлы 1987 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген.
М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін “География” мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Абай негізгі мектебінде география пәні мұғалімі, директордың тәрбие — ісі жөніндегі орынбасары болып бастаған.
Әр жылдары Бозарық негізгі мектебінде география пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
2017 жылдан осы уақытқа дейін Бозарық негізгі мектебінің директоры лауазымында еңбек етіп келді.

 

Талас ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.