“ЖАН ЖЫЛУЫ” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

130

Бүгін аудан орталығында «Жан жылуы» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Дәстүрлі шараға ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі балалар, білім беру мекемелерінің ұстаздары мен оқушылары және қайырымдылыққа жаны құмар жерлестеріміз қатысты.

Аудан әкімі Сәкен Арубаев салтанатты шара барысында ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғызбасты қарттарға қол ұшын беріп, демеушілік көрсеткен бірқатар қайырымды жандарға “Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін табыс етті.

Одан әрі концерттік бағдарламаға ұласқан қайырымдылық акциясында мүмкіндігі шектеулі балалар әннен шашу шашып, мың бұрала би биледі. Балаларға бағалы сыйлықтар, қаржылай қолдаулар көрсетілді.

Қайыры бар іске өз үлесін қосып, бүлдіршіндерімізге барыншы қолдау білдірген азаматтардың игі ісі өзге де жерлестерімізге үлгі болса екен дейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.