Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінде қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Жамбылдың жыр керуені» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – ақын мұрасын кеңінен насихаттау, жас сарбаздардың рухани-танымдық деңгейін арттыру және ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын ояту. Көрме барысында жыр алыбының өмір жолы мен шығармашылық мұрасы таныстырылып, елдік пен ерлікке үндейтін өлеңдері оқылды.
Кітап көрмесіне ақынның түрлі жылдары жарық көрген жыр жинақтары, зерттеу еңбектері мен естеліктер қойылып, қатысушыларға мазмұнды ақпарат ұсынылды. Шара әскери қызметшілердің рухын көтеріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Алдыңғы