Жамбылдықтар Зүлфия Ғабидуллинаны күтіп алды

528

Тараздықтар  параспортшы, жүзуден халықаралық санаттағы спорт шебері Зүлфия Ғабидуллинаны күтіп алды.

Жерлесіміз Индонезияның Жакарта қаласында өтіп жатқан ІІІ Пара Азия ойындарында 100 метрге еркін жүзуден алтын медаль иеленген болатын.

– Жеңіске жету оңай емес. Қиындықтардың бәрі артта қалды… Аянбай тер төгіп, еңбек етудің арқасында осындай жеңіске қол жеткіздім. Әр жарысқа аттанған сайын елдің, халықтың саған үміт артып қарап отыратынын сезесің, сол үмітті ақтауға тырысасың. Инстаграммга жазып қолдау көрсетіп жатады. Сол кезде аздап қорқыныш болатын. Халықтың сенімін ақтау – үлкен жауапкершілік, – дейді Зүлфия Ғабидуллина.

Паралимпиадашылардың байрақты бәсекесі 18 қазан күні аяқталады. Ел намысын қорғауға 91 спортшымыз аттанды. Олар спорттың 9 түрінен (үстел теннисі, парадзюдо, паражүзу, оқпен ату, парапауэрлифтинг, садақпен ату, шахмат, пара жеңіл атлетика, волейболды отырып ойнау) сынға түсуде. Бірінші орын иеленген спортшыға – 10 мың доллар, екінші орын үшін – 5 мың доллар және үшінші орынға – 3 мың доллар көлемінде сыйақы белгіленген. Қазіргі таңда Қазақстан 13 орында.

Айта кетейік, Зүлфия Ғабидуллина 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындарында тәуелсіз Қазақстанның паралимпиада тарихындағы алғашқы алтын медалін иеленген болатын.

zhambylnews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.