Жамбылдықтар ерекше жандарға көңілді күй сыйлады

252
Бүгін аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының тікелей қолдауымен «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтті. «Аса аялы алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен өткізілген кеш ерекше күтімді қажет ететін жандарға арналды.
Ерекше жандарды қоғамға бейімдеу, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау көзделген шарада аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев көпшілікке ізгі тілегін арнап, ерекше жандарға қамқорлық танытып жүрген жаны жомарт абзал жандарды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Ерекше жандарға аудан әкімінің сыйлығын, сондай-ақ өз тарапынан да сыйлықтар тарту етті.
Индира Тоғанбаева басшылық ететін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары кештің көңілді де қызықты өтуіне біркісідей атсалысты. Өнерпаздар ерекше жандармен бірге ән салып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Мекеме атынан арнайы сыйлығын тарту етті.
Мейірімге мұқтаж жандарды мейірімге бөлеу, қамқорлық таныту әркез құрметке де, алғысқа да лайық.

Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.