Жамбылдық полицейлер мефедрон сатумен айналысқан адамды ұстады

89

Жамбылдық полицейлер мефедрон сатумен айналысқан адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

12 желтоқсанда жамбылдық полицейлер есірткі өткізу арнасының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының 18 жастағы тұрғынын ұстады.

Тінту жүргізу кезінде күдіктіден 12 бумаға оралып, тарату үшін дайындалған мефедрон синтетикалық есірткі заты анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 7 грамнан асады. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Аталған бап бойынша мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.