Жамбылдық полицейлер 8 адамның қатысуымен ұйымдастырылған қарулы қақтығыстың алдын алды

318
Жамбылдық полицейлер 8 адамның қатысуымен ұйымдастырылған қарулы қақтығыстың алдын алды.

Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде Жамбыл ауданында 30-43 жас аралығындағы бір топ адам жергілікті жанармай құю бекеті аумағында өзара келіспеушіліктерін анықтамақшы болған . Ақпарат бойынша оқиға орнына жедел түрде Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы  қызметкерлері  келді.

Жанар-жағармай бекеттерінің аумағы қоршалып, қақтығыс тараптары ұсталынып, тінту жұмыстары жүргізілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде ұсталғандардан аңшылық қаруы тәркіленді.

Тергеу барысында қақтығысқа қатысушылардың 8 адам екендігі анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен (қаруды заңсыз сақтау және алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар реті тағайындалды.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.