ЖАМБЫЛДАҒЫ ПІШЕН ДАЙЫНДАУ

197

Пішен – қыста қолда ұстаған малдың негізгі азығы.

Тұрмысы төрт түлікпен түлеген халық үшін қашанда қысқы мал азығын дайындау маңызды шаруалардың бірі.

 

Сол себепті де «Қыстың қамын жазда ойла» деген мәтел де бекер айтылмаса керек. Сондықтан да облыс тұрғындары қыстың қамын ойлап, қауырт қимылдауда.

2023-2024 жылдардағы мал қыстату науқанына барлығы 2,2 млн. тоннадан астам пішен дайындалады.
Бүгінгі күнге 168,0 мың га көпжылдық шөп орылып, одан 530,0 мың тоннаға жуық пішен жиналды.
Сонымен қатар, төменгі Шу бойынан, яғни, Мойынқұм, Сарысу аудандарының аумағынан қосымша құрақ дайындауға 17,0 мың га шабындық алқап анықталды. Оның 9,0 мың гектарын іргелес аудандардың шаруаларына беруге мүмкіндік бар.

Қанатбек Мәдібек,

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.