Жамбылда жергілікті органдар инвестордың жұмысына кедергі келтірген

29
  istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/259113-zambylda-zergilikti-organdar-investordyn-zumysyna-kedergi-keltirgen

Жуалы ауданының прокуратурасы «Көксай» этно-туристік инновациялық демалыс аймағын салған инвестордың құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органмен жасалған келісім аясында инвестициялық кешеннің орташа жөндеуіне сметалық құжаттаманы әзірлеуге 4,2 млн теңге бөлінген.

Сметалық құжаттама үш кезеңде дайындалуы тиіс еді. Алайда орташа жөндеу жұмыстары 3 ай бойы аяқталмаған.

Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап демалыс аймағына апаратын жолдың құрылыс мәселесі созылып, бұл тұрғындарғы қосымша қиындықтар туғызған.

Нәтижесінде прокуратура актісі негізінде инвесторды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.

Жергілікті атқарушы орган кешенге апаратын жолдың құрылысын қаржыландырды.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға, салық түсімдерін көбейтуге және туризмнің дамуына ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.