Жамбылда жер қойнауын пайдалану объектілеріне эко-бақылау апталығы өтуде

1 022

Жамбыл облысында 2024 жылғы 8 — 15 қыркүйек аралығында «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы аясында «Жер қойнауын пайдалану объектілеріне эко-бақылау» апталығы өтті.

Аталған акцияға азаматтық қоғам өкілдері, қоғамдық кеңестер, экологиялық ҮЕҰ, эко-волонтерлар кеңінен тартылған.

Республикалық акция шеңберіндегі «Жер қойнауын пайдалану объектілеріне эко-бақылау» апталығында азаматтық қоғам өкілдері, қоғамдық кеңестер, экологиялық ҮЕҰ, эко-волонтерлардан құралған мобильдік топ облыстағы бірнеше кен орындарын аралады.

Мобильдік топ мүшелері тау-кен саласы адам өмірі мен денсаулығына кері әсерін тигізетін зиянды және қауіпті көптеген факторларының болуымен ерекшеленетіндігін,жұмыс ортасының техникалық қондырғылармен қанықты болуы, жұмыс орны кеңістіктерінің тарлығы, атмосфералық ауа құрамында қауіпті газдардың пайда болу мүмкіндігінің, өрт қауіптілігінің жоғарылығы, тау-кен жыныстарының құлау қауіптілігі тау-кен жұмыскерлерінің еңбек үрдісін қиындататындығын ескеріп, жер қойнауын пайдаланушыларданжұмысшылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды үнемі бақылауда ұстауды сұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.