Жамбылда жас жігіт суға батып кете жаздады

89

Жамбыл облысында құтқарушылар суға батып бара жатқан жігітті құтқарып қалды. Оқиға Жуалы ауданындағы «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасында болған.

Су айдынын патрульдеу кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы 2005 жылы туған азаматтың көмекке мұқтаж екенін байқап, дереу құтқару жұмыстарына кіріскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түсіп, бата бастаған. Құтқарушылар оны дер кезінде судан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

«Зардап шегуші оқиға орнында алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», – деп хабарлады құтқарушылар.

Мамандар азаматтарды тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

qandastar.kz порталы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.