Жамбылда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқынды жүргізілуде

1 384

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Қ.Мәдібектің  БАҚ өкілдерімен

өтетін брифингте ағымдағы жылы атқарылған

жұмыстар туралы баяндамасынан

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы іске асырылуда.

Бұл ретте санитарлық тазалау, көгеріштендіру және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгінгі күнге ұйымдастырылған сенбіліктерге өсім бойынша жалпы 700 мыңнан астам өңір тұрғындары, ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен этнос өкілдері атсалысты (оның ішінде     20 мың ерікті, 6 мыңға жуық кәсіпорын, мекемелер қатысты).

60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 818 шқ каналдар мен арық жүйелері, 129 мың аулалар мен 4,5 мың шқ көше жолдары тазартылды.

16 мың тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды. Бұл жұмыстарға жалпы 958 бірлік техника жұмылдырылды.

Экологиялық акцияның шеңберінде облыста «Үлгілі ауыл» конкурсын өткізу жоспарланып отыр. Бүгінде, конкурстың  Ережесі бекітіліп, комиссия құрамы жасақталуда.

Конкурстың жеңімпаздарына арнайы жүлделер қарастырылған.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі іске қосылып, телеграмм-бот арқылы өтінімдер қабылдануда.

Осы орайда, өңір тұрғындары санитарлық тазалық пен аббаттандыруға мәселелеріне қатысты өтінімдерді телеграмм-бот арқылы жолдауларына болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.