ЖАМБЫЛДА СҮТ ӨНДІРІСІ АРТАДЫ

161
Отандастарымыздың күн­делік­ті тұтынатын басты азық-түлік тауарларының бірі – сүт. Сүтсіз кез келген дастарқанның нәрі жұтаң тартады. Сүтсіз ішілген шай тамағыңыз бен таңдайыңызды қырнайды. Рас, бүгінде еліміздегі супермаркеттер мен үлкенді-кішілі азық-түлік дүкен­дерінің сөрелерінде пакет­теліп және қал­бырланып өңделген сүттің сан-алуан түрлері сықасып толып тұр. Десек те,  отандық өнімді дамыту алғы мақсат. Осы орайда өңірде 52 сүт тауарлы фермалар жұмыс істейтінін атап өткеніміз жөн болар.
Қуаттылығы 50 бастан 600 басқа дейінгі фермалардағы сауын сиырлардың саны 14,0 мың бастан асады.
Есігінің алдында 3-4 сауын сиыр ұстап отырған аулалар да көбейіп келеді.
Қайта өңдеуге өткізілген сүттің әрбір литріне мемлекеттік бюджеттен 20 теңгеден субсидия берілуде.
Биыл бұл мақсатқа 492,0 млн. теңге бөлінді.
Күнделікті сүт сауып жүрген қарапайым ауыл тұрғындары осы қолдауды сезінуі тиіс.
Бүгінгі кездесулер осыған арналды.

Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.