Жамбылда өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысы өсуде

498

«Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестінің төрағасы Бағлан Қарашолақов бірнеше ірі кәсіпорындардың жұмыстарымен танысып, кәсіподақ мүшелерімен кездесті. Олардың қатарында«Қазфосфат»ЖШС, «Тараз металлургия зауыты»ЖШС,«Жамбыл-Жылу»кәсіпорны,«Имсталькон» Жамбыл металл конструкциялар зауыты, «Таразэнергоцентр» АҚ, «Жамбыл су» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «ТаразКожОбувь» ЖШС, «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і»АҚ кәсіпорындары бар.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша жұмыс істеп тұрған 10818 кәсіпорын бар. Оның 99 пайызы ұжымдық шартпен қамтылған.

Кәсіподақ бірлестігінің негізгі мақсаты – кәсіподақтың жұмысын үйлестіру. Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін көрсету және қорғау, кәсіподақтың құқықтары мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету.

Елдің экономикасы кәсіпорындардың өсуіне тікелей байланысты болғандықтан, оларды бақылауға, дамуына күш салуға үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Осындай ірі кәсіпорындардың дамуының нәтижесінде ағымдағы жылы қызметкерлердің, кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы едәуір өсті.

Атап айтар болсақ, «Жамбыл-Жылу» МКК-дебарлығы675 адам еңбек етеді. Қызметкерлердің жалақысы өткен жылы 33,9 пайызға, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы 10 пайызға өсті. Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін қызметкерлерді жалақысыз демалысқа жібермеу мақсатында басқа да қызмет түрлерін көрсетеді. Кәсіпорын базасындажөндеу-механикалық шеберхана, құрылыс материалдарын өндіруцехыжұмыс істейді.

2021 жылы кәсіпорын көп балалы жанұясы бар және жанұясында жалғыз асыраушы қызметкерлерімізге 1 268 345 тг. құрайтын, 215 жанұяға азық-түлік себеттері жасалып, таратылды және бір жанұяға 75 000 тг. көмір сатып алынды.

Айта кетейік, 2019 жылдан бері кәсіпорын қызметкерлері тегін медициналық көмек алуда (күндізгі станционар) және жылына екі рет толықтай медициналық тексерулерден өтеді.

«Имсталькон» Жамбыл металл конструкциялар зауытыөндірістік нысандарға, ғимараттарға, көпірлерге арналған металл конструкцияларын жасаумен айналысады. 2021 жылы зауыттың өнім көлемі 4334 миллион теңгені немесе 7415 тоннаны құраған. «Имсталькон» ЖШС директоры Александр Бердник өндіріс халықаралық стандарт талаптарына сай екенін жеткізді. Кәсіпорында 302 адам жұмыс жасайды. Жалақы уақытылы төленуде, мереке күндері қызметкерлерге сыйақы берілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлердің жалақысы 10 пайызға өсті.

«Таразэнергоорталық» АҚ облыс орталығындағы тұтынушылардың 80 пайызын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отырған мекеме. ЖЭО 938 көпқабатты тұрғын үйге, 6 денсаулық сақтау нысанына, 60 білім беру нысанына және 231 бюджеттік ұйымға қызмет көрсетеді. Кәсіпорында барлығы 398 адам еңбек етеді. Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы 28 пайызға, өндірістік қызметкерлердің жалақысы 38 пайызға өскен.

«Жамбыл су» МКК 104 мыңнан астам абонентке қызмет көрсетеді. Өткен жылы абоненттер саны 1460-қа артқан. Таразда сумен қамту қызметтерінің тарифтері ел бойынша ең төменгі тарифтердің бірі болып табылады.

«Жамбыл су»-да қазіргі таңда 588 адам жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ел Президентінің тапсырмасына сәйкес қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға өсті.«Солнечный», Кірпіш, Қант зауыты тұрғын алқабына қызмет көрсететін жеке өндіріс орны 2014 жылы құрылған. Өткен жылы бес айдың ішінде сол учаскіде еңбек ететін 16 қызметкер үшін барлық жағдайы жасалған арнайы ғимарат салынды. Бүгінгі күні халықпен кері байланыс жүйеленіп, әрбір шағымдарға толыққанды жауаптар беріліп, тиісті шаралар қабылдануда.

«ТаразКожОбувь»бұрынғы «Джамбулкожобувь» өндірістік бірлестігі негізінде 2002 жылы қайта құрылған. Оның негізі 1961 жылы қаланып, кезінде ол КСРО-ның былғары және аяқ киім өнеркәсібіндегі ірі кәсіпорындардың бірі болған еді. Бүгінгі таңда серіктестік Қазақстандағы былғары аяқ киім шығаратын ірі отандық өндіруші болып табылады. Кәсіпорын құқық қорғау органдарына арналған аяқ киім, жұмыс және күнделікті аяқ киімдер шығаруға маманданған. Аяқ киімнің ассортименті 80-нен астам модельді құрайды. Өткен жылы дайын өнім шығару 170 584 жұпты құрап, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 38 пайызға артқан.

Сондай-ақ 2021 жылы қызметкерлердің жалақысын 20 пайызға арттырғанын айтты. 242 қызметкердің 70 пайызы – әйелдер. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар жұмысшылар да жұмыс істейді. Олар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Жүйелі түрде кәсіподақ ұйымының қолдауымен көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіледі.

«Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ 1967 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. ГРЭС іске қосылған сәттен бастап Қазақстанның оңтүстік өңірін энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Бас директор Александр Фурса 2021 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген электр энергиясының көлемі 15 пайызға артқанын атап өтті. Кәсіпорында 520 адам жұмыс істейді, орташа жалақы280 мың теңгеден асады. Өткен жылы жалақы 20 пайызға өсіп, осы жылдан бастап 10 пайызға артты.

Кездесулер барысында Бағлан Қарашолақов кәсіпорын басшыларына еңбек жағдайын жақсарту, жыл сайын жалақыны көтеру шараларын жүйелі жүзеге асыруды, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшыларына аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсету туралы ұсыныстар енгізілді.

Қорыта айтсақ, өткен жылы жоспарға алынған міндеттемелердің барлығы дерлік жүзеге асты. Оған себеп еңбектің жүйелі түрде орындалуы. Үстіміздегі жылдан үміт көп.Кәсіпорындардың нәтижелі жұмысы – еліміздің өсуінің, өркендеуінің негізі.

Арман Елемесов,

«Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық

кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.