Жамбыл облысында 2024 жылдың 31 тамыз – 7 қыркүйек аралығында «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы аясында «Абаттандыру саласында, оның ішінде жасыл желектерді суаруға, оларға күтім жасауға эко-бақылау» апталығы өтті.
Аталған акцияға азаматтық қоғам өкілдері, қоғамдық кеңестер, экологиялық ҮЕҰ, эко-волонтерлер кеңінен тартылған.
Республикалық акция шеңберіндегі «Абаттандыру саласында, оның ішінде жасыл желектерді суаруға, оларға күтім жасауға эко-бақылау» апталығында азаматтық қоғам өкілдері, қоғамдық кеңестер, экологиялық ҮЕҰ, эко-волонтерлерден құралған мобильдік топ облыстағы бірнеше көшелерді қоқыстардан тазарту жұмыстарын, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың аулаларын тазалауды, «Ескерткіш — ел тарихы» тақырыбындағы аумақтарды абаттандыру және тазарту жөніндегі іс-шараларды, аллеялар мен парктерге жүргізілген санитарлық-жинау жұмыстарын аралап, атқарылған ігі шараларға оң бағасын берді.
Алдыңғы