Жамбылда ҚАЖД бастығы әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

481

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғысын білдірді.

Нияз Қанатұлы өзінің алғысөзінде департаментке бағынысты пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуде әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыскерлері маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

— Жыл басынан бері сіздермен бірлесе атқарылған жұмыстың нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға түрлі деңгейде көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 1127 адам жұмыспен қамтылып, 125 азамат бір жолғы қаржылай көмекке қол жеткізді. Бұдан бөлек, 13 адамға шағын несие алуға жәрдем берілді, — деді Н.Рыспаев.

Сонымен қатар, департамент басшысы әлеуметтік жұмыскерлерді өздерінің төл мерекелерімен құттықтап, оларға табыстар тіледі.

— Бұл мереке — өмірін мұқтаж жандарға көмек көрсететін жандарға арналған. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, қоғамның әлсіз өкілдеріне қолдан келгенше көмектеріңізді, жүрек жылуын ұсынып отырған Сіздердей жандарға шынайы алғысымызды білдіргіміз келеді, — деген Нияз Қанатұлы облыс әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Кенжебек Олжабайға, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының бөлім бастығы Нұрлан Қабылқұловқа, дәл осы орталықтың мамандары Мұратбек Әмреевпен Айдар Көпешбаевқа және Байзақ, Жамбыл аудандары әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының мамандары Қарлығаш Апбазовамен Гулсина Шамшиеваға алғыс хат табыс етті.

Айта кетейік, Тәуелсіздіктің жиырма жылдығы қарсаңында, яғни 2011 жылы қазан айының соңғы жексенбісі «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» болып тіркелді. Сонымен, биыл оныншы жыл қатарынан әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің күні аталып келеді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.