Жамбылда ҚАЖ қызметкерлерінің күні аталып өтілді

74

Биыл елімізде тұңғыш рет Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтіліп отыр. ҚАЖ қызметкерлері маңызды мемлекеттік миссия атқарады. Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сотталғандардың түзелуі мен әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасайды, құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысады. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі жұмыс жоғары жауапкершілікті, төзімділікті және қызметтік борышқа бұлжымас адалдықты талап етеді.

Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде салтанатты шара өтті. Жиынға Департамент басшылығы, ҚАЖ саласының ардагерлері мен жеке құрам қатысты.

Шара барысында Департамент бастығы Жаныбек Қосжанов жеке құрамды биыл алғаш рет аталып өтіліп отырған төл мерекелерімен құттықтады.

Сонымен қатар қызметтік міндеттерін адал атқарып, жақсы жетістіктерге қол жеткізген мекеме мен қызметкерлер «Ең үздік мекеме», «Ең үздік мекеме бастығы»,«Ең үздік мекеме бастығының орынбасары», «Ең үздік ақпараттану және байланыс тобының инженері», «Үздік өрт сөндіру қауіпсіздігінің технигі» аталымдары бойынша ІІМ ҚАЖ комитетінің арнайы сыйлығымен марапатталды. Айта кету керек, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекемесі бастығының орынбасары Дәурен Жексенбиев «Ең үздік мекеме бастығының орынбасары» номинациясының иегері атанды.

Шара концерттік бағдарламаға ұласып, жиналған қонақтар естелік суреттерге түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.