14-15 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз 14, түнде 15 ақпанда кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі. 14 ақпанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және тау бөктерлі аудандарда күші 17-22 м/с, таулы аудандарда және облыстың солтүстігінде 25 м/с, тау асуларында екпіні 30 м/с және аса.