9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Адал білім – адал ұрпақ» форумы өтті.

Іс-шара барысында білім саласының мамандары мен азаматтық қоғам белсенділері білім беру жүйесіндегі академиялық адалдықты ілгерілету жөніндегі республикалық форумға онлайн қатысып, онда айтылған маңызды мәселелерді өңірде жүзеге асыру бойынша бағыт-бағдар алды.
Шара барысында білім берудегі академиялық адалдықты қамтамасыз ету тақырыбында қызу талқылаулар өтті. Форумға қатысушылар білім беру саласындағы жүйелі жұмыстар еліміздің болашақтағы тұрақты дамуының кепілдігі екенін баса айтты.
Форум барысында қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруда белсенділік танытқан білім саласының өкілдері мен азаматтық қоғам белсенділері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшының алғыс хаттарымен марапатталды.