Жамбыл полициясы із-түзсіз жоғалып кеткен 16 жастағы қызды іздестіріп жатыр.
«Жамбыл облыстық полиция департаментіне қарасты қылмыстық полиция басқармасы 2002 жылы туған А. есімді Қордай ауданының тумасына іздеу салады, — делінген полиция хабарламасында. — Ол 27 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бүгінге күнге дейін табылмай отыр. Белгілері: бойы — 160-165 см, арық та, толық та емес, орташа, шашы қысқа, қара. Маусымға қарай киінген».
Полициядағылар қыздың психикалық дертке (шизофрения) шалдыққанын атап өтті.
«А-ның қайда екенін білетін жан болса, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе мына телефондар арқылы Жамбыл облыстық полиция департаментінің қылмыстық полиция басқармасына хабарласуын өтінеміз — 8 (7262) 99-71-21, 8 (7262) 99-71-49, 8 (7262) 99-71-86 немесе 102», — дейді Жамбыл ОПД ҚПБ өкілдері.