Жамбылда 114 миллиард теңгеге 18 инвестжоба жүзеге асырылмақ

759

2020 жылы Жамбыл облысында жалпы құны 114 млрд.теңге болатын 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халықпен есепті кездесуінде атап өтіп, тиімді инвестициялық саясат ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптің 5 пайыздық өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Ең үлкен қуатты жобаларды «Еврохим минералды тыңайтқыштар», «Қазфосфат», «Qazaq soda», «KORSEM» және «TALAS INVESTMENT COMPANY» компаниялары жүзеге асырады.

— 2025 жылға дейін жалпы құны 2,7 триллион теңге болатын 66 жобаны іске асырылады, сол арқылы 11,4 мың жаңа жұмыс орнын құру көзделуде, — деп атап өтті облыс әкімі.

Жергілікті биліктің күн тәртібінде «Тараз «Химпарк» арнайы экономикалық аймағын дамыту міндеті тұр, оны шешу үшін жеті жобаны іске асыруға 648,3 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылады, бұл нәтижесінде екі мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту мақсатында 12 кәсіпорын жаңғыртылады,тағы төртеуі заманауи инновациялық технологияларды енгізеді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.