Жамбыл облысының шалғай ауылында жаңа клуб халық игілігіне берілді

36

Республика күніне орай Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Айдарлы ауылында 90 орындық жаңа ауылдық клуб ашылды.

Заманауи мәдениет ошағының ашылу салтанатына аудан әкімі Е. Карентаев қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады.

Ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Күлжахан Рысқұлова жаңа клубтың ашылуы ауыл жастарының өнерін дамытуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

Клубта «Нармиан» ансамблі, «Ақ әжелер» клубы, вокал және домбыра үйірмелері жұмыс істейді.

Қазіргі таңда Мойынқұм ауданында 1 мәдениет үйі мен 17 ауылдық клуб халыққа қызмет көрсетеді.

Жамбыл облысының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.