Жамбыл облысының құтқарушылары жарылыстың алдын алды

130

2023 жылдың 20 маусымында сағат 13.23-те Жамбыл облысы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» қызметіне Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылындағы үш қабатты тұрғынүйдің біріндегі пәтерден өрт шыққандығы жөнінде хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына Шу ауданы №19 және Шу қаласы №5 өрт сөндіру бөлімдерінен 2 бірлік автокөлік пен 7 адам жеке құрам шығып өрт сөндіру жұмыстарын жүргізген. Өрт сөндірушілер пәтер ішінде әбден қызып, жарылғалы тұрған газ баллондарын алып шығып, өртті 27 минутта жойған. Өрттің ауданы 10 шаршы метрді құраған. Өрт салдарынан пәтердің ас бөлесінің жиһаздары жойылды, дәліз бөлемесінің төбе қаптаулары зақымдалды. аталған өрт оқиғасынан қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелмеген.

Осыған орай Жамбыл облысы ТЖ департаменті облыс және қала тұрғындары мен қонақтарына үйден шығарда газ және электр құралдарын қуат көзінен ажыратып, мүмкіндігінше қарттар мен балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Ал балалардың сіріңкемен ойнауына мүлдем тосқауыл қою қажет. Оның соңы өкінішті жағдайға әкеліп соғуы мүмкін екендігі көпке белгілі. Сондай-ақ, шомылу маусымында таныс емес су көздерінде шомылудың қауіпті екендігін және арнайы белгіленген бассейндерде ғана суға шомылған жөн екендігін еске салады. Өрт немесе түрлі төтенше жағдайлар туындағанда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалудың ақысыз негізде жүзеге асырылатындығын жеткізеді. Өз қауіпсіздігіміз өз қолымызда екендігін естен шығармайық!

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.