Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Tas Market» ЖШС басшылығымен кездесті

184
Тараптар «Тараз химиялық арнайы экономикалық паркі» аумағында қуаттылығы жылына 60 мыңнан 100 мың тоннаға дейін ферросилиций, ферросиликомарганец, техникалық кремний, түсті металдар өндіретін металлургиялық зауыт құрылысы жобасының жүзеге асу барысын талқылады.
❗️2026 жылға дейін іске асуы көзделген жоба бойынша 1500 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
✅ «Tas Market» ЖШС серіктесі – «Xinjiang Jingweike New Energy Development Co., Ltd.» компаниясымен «Тараз» химиялық паркі» АЭА аумағында тек металлургиялық зауыттың ғана емес, басқа да кәсіпорындардың қажеттіліктеріне сәйкес қуаттылығы 700 МВт/сағ электр станциясын салуды көздеп отыр. Жобаның құны 50,0 млрд. теңгені құрайды.

 

Жамбыл облысы әкімдігі 

Leave A Reply

Your email address will not be published.