Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Алел-Агро» АҚ басшылығымен кездесті

148

«Алел-Агро» АҚ басқарма төрағасы Ерік Сұлтанқұлов «Алел Агро» құрама жем зауытының жоспарымен бөлісті.
Құс өнімдерінің қолжетімділігін арттыру және қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған зауыт жылына 96 мың тонна жем шығаруға қауқарлы.
Сондай-ақ, жиын барысында «Майлы дақылдар» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС бас директоры Фарид Әбітаев серіктестіктің қызметімен таныстырды.
2020 жылдан бастап кәсіпорын ішкі нарықты қамтамасыз етіп, көршілес елдерге 10,0 мың тоннадан астам элиталық тұқымды экспорттауда.
– Облыста 8 тұқым шаруашылығы бар, алайда, олар тұқымға деген сұранысты 100 пайыз қамтамасыз етіп отыр деп айта алмаймыз. Біз компаниямен жұмыс істеуге және тығыз ынтымақтастық орнатуға дайынбыз. Жобаны жан-жақты зерттеу керек. Күзге дейін барлық ұйымдастыру мәселелері шешілуі тиіс, – деп облыс әкімі жауаптыларға нақты тапсырма жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.