Жамбыл облысындағы химия зауыты өнім көлемін арттырды

681

Жамбыл облысы Талас ауданындағы натрий цианидін шығаратын химия зауыты өнім көлемін арттырды.

Биылдан бастап өндіріс орны қыс мезгілінде де тоқтаусыз жұмыс істеуге көшті. Былтыр кәсіпорын жұмысы қақаған қыста тоқтап, өнім көлемі 5200 тоннаны құраған еді. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 8500 тоннаға жетіп отыр. Қазір зауытта өндірістік қуатты арттыруға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жуырда екінші желі іске қосылмақ. Осының арқасында өнімді еселеп, қосымша 300 жаңа жұмыс орны пайда болады. Ал тәулігіне өндірілетін натрий цианидтің көлемін 1250 тоннаға жеткізу жоспарда бар.

Ерлан Нұрханов, зауыттың бас директоры:

— Қазіргі таңда қысқа дайындық бітті десек болады. Қаңтар, ақпан айында тоқтамай істейміз деген жоспар бар. Былтырлары біз қыста тоқтап тұрған болатынбыз. Енді келесі жылға тегіс контрактілері түзілген.  2019 жылдың 100 процент кантрактісі дайын десек болады. Ал толық өзінің қуатына 2019 соңына дейін шығамыз деген есеп бар.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.