ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖАЛҒАН КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯ БЕРУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ

1 161

Бұл туралы ӨКҚ өткен брифинг барысында Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметі жедел-іздестіру басқармасының бөлім басшысы Кенжебаев Ержан Құрманбекұлы мәлімдеді, – деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Контрабандалық тауарларды өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, келтірілген залал 12 млн. теңгеден асқан. Жамбыл облысы бойынша МКД ЭТҚ-і аталған қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, желілік және көліктік полиция қызметкерлерімен есірткі заттарына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі заты яғни, «гашиш» жалпы салмағы 129 гр. аса құрайтын заңсыз түрде тасымалданған 4 фактісі анықталып, сотқа дейінгі тергеп тексеру базасына тіркеліп, кінәлі деп танылған тұлғалар сотталған.

2017 жылдың кеден саласы бойынша ҚР ҚК 234 бабына сәйкес «Экономикалық контрабандаға» қатысты 1 қылмыстық іс қозғалған, яғни жалған кедендік декларацияларды беру фактісі бойынша анықталып, жалпы келтірілген залал 25 млн. теңгеден асқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.