«Хабар 24» арнасының мәліметінше, Тараз қаласы мен Жуалы, Байзақ, Жамбыл және Талас аудандарында екінші ауысымдағы оқушылар онлайн форматта оқыды.
Төтенше жағдайлар департаменті таңертең басталған желдің екпіні секундына 28 метрге жеткенін мәлімдеді. Дауыл Қаратау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің 300 шаршы метр шатырын ұшырып кетті. Табиғаттың тосын мінезінен облыс орталығында талдар құлап, жеке тұрғын үй мен жеңіл көлікті басып қалды.
Зардап шеккендер жоқ.
https://turkystan.kz/article/235443-zhambyl-oblysynda-mektepterde-saba-to-tatyldy