Жамбыл облысында МӘМС жүйесі аясында атқарылған жұмыстарға арналған брифинг өтті

60

2025 жылдың 9 айына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде Жамбыл облысында атқарылған жұмыстар туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ филиалының директоры Ғайни Аймағанбетова брифинг барысында баяндама жасады.

Негізгі көрсеткіштер:

2025 жылы денсаулық сақтау саласына облыс бюджетінен 132,6 млрд теңге бөлініп, бұл өткен жылға қарағанда 2,8%-ға артқан;

Облыс бойынша 109 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетуде;

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша өңірде 1 391 жоғары технологиялық операция жасалған;

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында МӘМС арқылы 150 ЭКО рәсімі жүргізіліп, 350-ден астам сәби дүниеге келген;

Медициналық оңалтуға 4,6 млрд теңге бөлінген, бұл соңғы 6 жылда қаржылық өсімнің 7,3 есеге жеткенін көрсетеді;

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында амбулаториялық дәрі-дәрмекке 11,8 млрд теңге жұмсалып, 662 993 рецепт берілген.

МӘМС заңына енгізілген өзгерістер:
Ғайни Аймағанбетова атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2026 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл-ауқат деңгейі төмен (D және E деңгейі) санатындағы азаматтардың МӘМС жарналарын төлейтін болады. Бұл өзгерістер «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға енгізілді. Қазіргі таңда Жамбыл облысында мұндай санатқа жататын азаматтар саны шамамен 70 мыңды құрайды.

Брифинг барысында Ғайни Төленқызы журналистердің сұрақтарына жауап беріп, қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша МӘМС жүйесіне 952 мың адам қатысатынын, бұл халықтың 80,8%-ын құрайтынын жеткізді. Ал сақтандырылмағандардың саны шамамен 224 мың адамды құрап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.