Жамбыл облысында қаңғыбас иттер мүмкіндігі шектеулі қызды талады

579

Жамбыл облысында бұралқы иттер 20 жастағы мүмкіндігі шектеулі қыз бен оқушыны талап тастаған. Бұл туралы 08info.kz  тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Айша бибі ауылы маңынан өтіп бара жатқан жолаушылар 20 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызды иттер талап жатқанын көріп, көмекке барған. Қыз бір топ иттен жанұшыра қашқан.

Кейін кешкі уақытта қала маңындағы Барысхан алқабында бұралқы иттер мектеп оқушысына да шабуыл жасаған. Жеткіншекті көршілері құтқарып қалған. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.

Облыстық ветеринария басқармасы осыған байланысты иттер шабуылдаған екі аймаққа да арнайы бригада жіберіліп, жүзге жуық иттің көзі жойылғанын хабарлады.

Жалпы, өңірде биыл жедел желіге мамандардан көмек сұраған мыңға жуық қоңырау түскен. Нәтижесінде 2,5 мыңнан астам иесіз ит ауланған.

Тек иесіз ит қана емес, жер үйдегілердің де иті шабуылдайды. Егесі бар иттер көбіне байланбайды. Қалай болса солай жүрген иттердің саны көбейген. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, зардап шеккен адамдардың жартысынан көбін иесі бар ит талаған, – деді Жамбыл облысы ветеринария станциясы директорының міндетін атқарушы Ғабит Кебеев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.