Жамбыл облысында 138 көше мен 2 елді мекеннің аты ауысады

877

Жамбыл обылысында 138 көше мен елді мекеннің аты ауысады. Бұл туралы облыс әкімдігі жанындағы Ономастика комиссиясының кезекті отырысында мәлім етілді.

Отырыс барысында әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау мәселесі бойынша аудан әкімдіктерінен түскен 138 ұсыныс қаралып, шешім қабылданды.

Олардың ішінде Байзақ ауданынан — 2, Жамбыл ауданынан — 46,  Сарысу ауданынан — 3, Шу ауданынан — 83 көшенің және Меркі ауданында 2 елді мекеннің атауын өзгерту мәселесі бар.

Айта кету керек, атауын өзгерту ұсынылған 138 көше мен елді мекеннің көбі идеологиялық тұрғыдан мағынасы ескіргендер болса, олардың дені тарихи атауларымен қайта аталмақ.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.