Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

95
Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысы Жанболат Нұрмолдаұлының бұйрығымен Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болып Әбдіхалықов Жандарбек Мұхтарұлы тағайындалды.
Әбдіхалықов Жандарбек Мұхтарұлы 1987 жылы 19 желтоқсанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Үйленген, бес баланың әкесі.
Мансап
Еңбек жолын 2008 жылы Сарысу ауданы әкімиятының кәсіпкерлік бөлімінің іс-қағаз жүргізушісі болып бастаған.
— 2011-2013 жылдар аралығында Досбол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
— 2013-2015 жылдар аралығында Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі;
— 2015-2016 жылдар аралығында Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің бас инспекторы;
— 2016-2017 жылдар аралығында Сарысу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы;
— 2017-2018 жылдар аралығында Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;
— 2019 жылы Жаңатас қаласы әкімі аппаратының өткізу жөніндегі инспекторы, Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, Жаңатас қаласы әкімінің орынбасары;
— 2019-2020 жылдар аралығында Түркістан ауылдық округінің әкімі;
— 2020-2024 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы;
2024 жылдың 25 шілдесінен бастап 2026 жылдың 10 мамырға дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.