Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы «1» тамыздағы №145-Ж/Қ өкімімен Исаева Роза Әбдірқызы Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Исаева Роза Әбдірқызы 1961 жылы туылған, білімі жоғары, 1986 жылы Алматы халық шаруашылық институтын «қаржы және несие», 2003 Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
1988-1990 жылдары Кентау қаласының қаржы бөлімінің бас салықтық ревизор-инспекторы, 1990-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы және Дзержинск ауданы бойынша мемлекеттік салықтық инспекциясының мемлекеттік салық аға инспекторы, бөлім басшысының орынбасары, 1998-2000 Шымкент қаласы Салық комитетінің секторы меңгерушісі, бас салық инспекторы, бөлім басшысы, 2000-2011 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің басшысы, аудит басқармасының басшысы, төраға орынбасары, 2011-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары «Нұр Отан» Партиясының орталық аппаратының активтерді басқару департаментінің басшысы, қаржы және активтер департаментінің басшысы – аппарат басшысының орынбасары, 2016-2018 жылдары «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның ішкі аудит қызметінің басшысы қызметтерін атқарған.