Бүгінгі таңда республикада өндірілетін электр қуатының 20 пайызы біздің облысқа тиесілі. Жуалы ауданындағы «Бурное соллар» күн электр стансаларынан кейінгі үлкен күн электр стансасы «Айша күн шуақ» стансасы.
Облысымызда күннен, желден және судан энергия өндіретін 327,6 мегаваттық 18 станса жұмыс істеуде. Оның 6-ы күн, 6-ы су, 6-ы жел электр стансалары. 2021-2030 жылдар аралығында электр қуатын өндіретін стансалар саны 32 нысанға жеткізіп, 1251 электр энергиясын өндіру жоспарлануда.
✅Құрылыс жұмысы өткен жылы басталып, жақында ғана пайдалануға берілген күн электр стансасының құрылысын Украйналық «Родина» ЖШС жүргізген болатын. 110 гектар аумақты алып жатқан стансаға 100 мың күн панелі орналастырылған. Треккерлер жүйесі арқылы панелдер күн шығыуына қарай қозғалып отырады. Бұл панелдердің бір артықшылығы екі жағынан да жұмыс істейді. Мәселен, қыс ауасында жерге түскен қардың күнге шағылысқан сәулесі арқылы да панел энергия қабылдауға қауқарлы. Бұл панелдер Ресей мен Қытайда шығарылған.
Стансаның басшысы Жандос Райбекұлының айтуынша, 50 мегаватты құрайтын күн электр стансасын салуға аудан аумағынан жалпы 300 гектар алқап берілген. Бүгінде оның 110 гектарына күн панелдері орнатылған. Онда 15 адам еңбек етуде.
⏳Бұл стансаның құрылыс жұмысының жобалық құны 20,8 миллиард теңгені құрайды. Күніне 50 мегават электр қуаты өндіріліп, КЕГОГ-тың біртұтас энергия жүйесіне берілуде. Мұнда өндірілген қуат көзі 10 мыңнан аса үй мен өндіріс ошақтарына жетеді екен.
Сондай-ақ серіктестік алдағы уақытта тағы 20 мегаваттық күн электр стансасын салуды жоспарлауда. Оның мегаватын кезең кезеңмен көбейту үшін Жамбыл ауданы аумағынан 300 гектар жер телімін алған.
▪️Станса айналасын станса жұмысшылары тазалап отырады. Ол үшін арнайы шөп оратын техникасы бар. Панелдерді шаң-топаннан сүртіп тазалау да жұмысшылардың міндеті.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі