ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС БАР

118
Баспасөз турына қатысушы облыстық, республикалық басылымдардың, телеарналардың тілшілері алдымен Жамбыл ауданына ат басын бұрып, инженерлік-ирригациялық дренажды жүйелерді жетілдіру жобасының 2 фазасы (ПУИД -2, канал Кейкі, Тасарық) аясында жүргізілген жұмыстармен танысты.
Жалпы ирригациялық дренаждар жүйесін жетілдіру жобасының 2 фазасы жобасы аясында облысымыздың 3 ауданының (Жамбыл, Қордай, Шу) аумағында орналасқан су шаруашылығы нысандарына “Халықаралық қайта құру және даму” банкінің қаржыландыруымен күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда.3 жоба бойынша күрделі жөндеу жұмыстарының мердігерлері анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстарының құны – 9,2 млрд.теңге. Жоба аясында, 212,2 шақырым болатын 51 нысан күрделі жөндеу жұмыстарынан өтеді және 15,172 мың гектар суармалы жердің мелиортивтік деңгейі жақсарады.
Бүгінгі таңда Жамбыл ауданындағы Қапал каналын қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталуда. Мердігер компания – «Тамас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қапал каналының жалпы ұзындығы 80 шақырым, 986 метр. Каналдың 48 км 386 шақырымына лоток қойылып, 32 км, 600 шақырымына монолитті бетон құйылған.
Қазіргі таңда лотоктардың арасын гермитизациялап бекітуде, эксплуатациялық жолдар салынып , тағы да басқа жұмыстар жүргізілуде. Жалпы 10 техника , 20 жұмысшы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.