Жамбыл ауданында патриоттық автошеру акциясы өтті

76
Жамбыл ауданында патриоттық автошеру акциясы өтті
Айтулы датаға орай және Шәкен Ниязбековтің 85 жылдығы қарсаңында Жамбыл ауданында мерекелік автошеру акциясы ұйымдастырылды. Бұл акцияның басты мақсаты ұлттық құндылықтарымызға балайтын рәміздерімізге деген сүйіспеншілік сезімін ояту, ұлттық нышандарымызды ұлықтау, дәріптеу болатын.
Автошеруге 17 автокөлік қатысып, аудан орталығы – Аса ауылынан бастап, мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбеков ауылындағы ту тұғыры аллеясына дейін жалғасты. Осылайша жамбылдықтар мемлекеттік рәміздеріміздің аудан көлемінде ұлықталуына, дәріптелуіне үн қосып, құрмет білдірді.
Сондай-ақ аллеяда өткен концерттік бағдарламада аудан әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов сөз алып, ұлық мерекемен құттықтаса, ауыл ақсақалдары мереке күнгі автошерудің ұлт санасына тигізер әсері зор екенін айтып, ризашылығын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.