Аудан әкімі Ерлан Қыдыралұлы өңірде құрылысы жүріп жатқан әмбебап спорт кешендерін аралады. Әуелі аудан басшысы Айшабибі ауылына кіреберісте бой көтеріп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін көрді.
Спорт кешенінің құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге жергілікті бюджеттен 4 млн тенге қаржы бөлінген. Құрылыс-монтаж жұмыстарына 326 млн теңге қаралған нысанға ашық конкурс жарияланып, нәтижесінде «Астана энерго мастер» жауапкершілгі шектеулі серіктестігі мердігер болып анықталды. Құрылыс жұмыстары жыл басында басталып, іргетасы қаланып, темір қаңқалары жапсырылған. Нысан 2023 жылға өтпелі. Мердігер мекемесі бүгінде 110 млн теңгені игеріп үлгерген. Өңір басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы жасалуына баса назар аударылатынын мердігер өкіліне ескертті. Мұнан соң Ерлан Қыдыралұлы қаракемерлік жастардың өтініші негізінде салынып жатқан жергілікті білім ордасы маңындағы спорт кешенінің құрылысына барды. Аудан әкімдігі қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Дамир Жаманбаевтың айтуынша, құрылыс жұмыстарына 241 млн теңге қарастырылып, «ЕрНурЖан Құрылыс-2010» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылысқа жауапты мердігер атанған. Бүгінде іргетасы қаланған нысан келесі жылы пайдалануға берілмек.
Сондай-ақ аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Өрнек ауылындағы спорт кешеніне де атбасын бұрды. Мұндағы құрылысқа 330 млн теңге бөлінген. Жастардың спортқа дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру мақсатында бой көтеріп жатқан нысанды «Авторемстрой ЛТД» жауапкершіліг шектеулі серіктестігі қолға алған. Мердікер өкілімен кездескен аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапалы жасалуы жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Жалпы бұдан бөлек Гродеково ауылындағы спорт кешеніне 325 млн теңгеге бөлініп, құрылыс жұмыстарына жауапты «Жаңа-Кемер Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болса, Сұлутөр ауылынан әмбебап спорт кешешін салуға 323 млн теңге қаралып, мердігер «Ай-Дин Тараз құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктесі болып анықталған. Өңіріміздегі 5 спорт кешендерінің құрылысы биыл басталғанымен, ел игілігіне келесі жылы берілетін болады.