ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯ

126
Қазақстанда жалпыға бірдей декларация тапсыру міндеті 2021 жылы енгізілген болатын. Лауазымды мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік функцияны орындауға уәкілетті және оларға теңестірілген адамдар өз кірісін жариялауға міндеттелген.
Ал 2023 жылдың қаңтарынан бастап оларға тағы бірқатар қызметкер қосылды. Олардың қатарына басқармаға қатысқы мекемелер де енгізілді.
Осылайша, биыл дәрігерлер, мұғалімдер, спорт пен мәдениет қызметкерлері, сондай-ақ, ұлттық компаниялар мен басқарушы холдингтердің мамандары декларация тапсыруға міндеттеледі.
Жамбыл облысының мемлекеттік архиві ұжымы да аталмыш декларацияның 250.00 формасымен танысып, арнайы салық басқармасынан келген маман архив қызметкерлеріне мобильді қосымша арқылы өтуді, оның маңыздылығын түсіндірме жұмыстарында атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.