Жалпы орта білім туралы аттестаттар тапсырылды

258

Қазіргі уақытта елімізде түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарды жұмыспен қамту, кәсіптік білім беру, тіптен жоғары оқу орнына түсуге де мүмкіндік жасалған. Осылайша, мектепті тәмамдамаған сотталған азаматтар бұл олқылықтың орнын толтырады алады.
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЖД-158/2 мекемесінде міндетті білімді куәландыратын құжаты жоқ жазасын өтеушілер кешкі мектепте оқып, талапқа сәйкес барлық пәннен емтихан тапсырды. Аталған білім беру үрдісі карантин кезінде онлайн жалғасты. Ал сынақтан сүрінбей өткендерге жалпы орта білім туралы аттестат табысталып, алты адам түлек атанды. Айта кетейік, енді бұл азаматтар биылғы жылы жаңа оқу жылында кәсіптік колледжге түсуге ниеттеніп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.