Тараз қаласында 2025 жылы 12 қазандағы ауа райының күрт өзгеріп, жел болуына байланысты қала әкімінің төрағалығымен жедел штаб құрылды.
Осыған орай, 16.30-дағы мәлімет бойынша:
Тараз қаласы аумағында 2025 жылғы 12 қазан күні 28 метр секундына дейін желдің ұйытқуы орын алды.
Желдің салдарынан қала аумағында 13 мекенжай бойынша тал құлау, 4 көшенің қиылысында бағдаршам істен шығу, 5 мектепте электр жарығының өшуі және 8 трансформаторлық тораптарда авариялық өшу, тұрғын үйлерде электр жарығының сөнуі бойынша 146 өтініш, оның ішінде 35 өтініш бойынша электр энергиясы қосылды. Қалған 101 өтініш бойынша жұмыс атқарылуда.
Авариялық жұмыстарға барлығы 19 техника, 47 адам жұмылдырылған.
Әр бағыт бойынша қала тұрғындарының өтініштерін қабылдайтын диспетчерлік қызметтер тәулік бойы жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, 109 бірыңғай диспетчерлік қызметі өтініштерді қабылдауда.
Жағдай қала әкімінің бақылауында.