ЖҮРЕК ТҰСЫНАН ПЫШАҚТАҒАН: ОТАНДЫҚ ӘНШІНІҢ ӨМІРІНЕ ҚАСТАНДЫҚ ЖАСАЛДЫ

1 048

Продюсер Алуа Қонарова қарамағындағы Renzo тобының құрамы ауысқанын хабарлаған еді. Топтан Жанболат Ертаев кетіп, Дәулет Өзбеков есімді жас жігіт келген болатын. Бұл орайда Қонарова жақын арада жаңа құраммен халық алдына шыққанын айтқан болатын. Алайда продюсердің бұл ойы орындалмады.

Себебі топ мүшелерінің бірі Есеттің өміріне қастандық жасалған. Бұл туралы “Гәкку” арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Бізде кішігірім үзіліс болды. Оған біздің топта болған жағдай себеп. Яғни, Renzo тобының мүшесінің біреуін жоғалтып ала жаздадық.

Қазіргі таңда топтағы жігіттердің біріне әлі де билеуге болмайды. Оған хореографиямен айналысуға және ауыр көтеруге, қатты қозғалуға тыйым салынған. Өйткені оның өміріне қауіп төніп тұрды”, – дейді Қонарова.
Продюсер мұнда топ мүшесі Есет жайлы айтып отыр.

“Жүрегінің айналасына екі рет пышақ тыққан. Сондықтан ол көп қан жоғалтты. 1 литрдан аса қан жоғалтып, кейін ол өкпесіне кеткен. Байғұс жігіт көшеде қиналып, жалғыз қалып, үйге әрең жетіп, есінен танып қалған. Жедел жәрдемді тек есін жинағанда шақырған. Дәрігер “кішкене кешіксе, өліп қалатын еді” деді.

Қалпына келу кезеңі ұзақ әрі өте қиын болды. Дәрігерлер басынан-ақ оның тірі қалмауы мүмкін екенін айтты. Бірақ біздің Есет нағыз жігіт, ештеңеден қорықпайды”, – дейді Алуа Қонарова.

Жүрек тұсынан пышақтаған: Отандық әншінің өміріне қастандық жасалған

Продюсердің айтуынша, қаскөйлер Есеттің өміріне қасақана қастандық жасаған. Алайда өлім аузынан қалғанына қарамастан, Renzo-лық жігіт полицияға арыз жазбаған.

“Жүрек жағынан екі рет пышақты жайдан жай тықпайды. Оны біреулер өлтіргісі келді. Бұл саусақты кесіп алу немесе қолды қанатып алумен бірдей емес. Оның үстіне, оған бірнеше адам тиіскен. Есет те қашпайды, ол қорқақ емес. Көшенің заңдарымен өскен жігіт.

Өкінішке қарай, мен бұл жайлы кейін білдім. Өйткені Есет бұл жайлы маған айтқысы келмеген. Әрине, демде полицияға барып арыз бермек болдым. Бұндай жағдайдың жазасыз қалғанын қаламаймын. Бірақ ол менің бармауымды өтінді. Біреудің білгенін қаламады.

Есет қазір бұл туралы сұхбат беріп тұрғанымды да білмейді, өйткені ол мүлдем қарсы болды. Бұл тақырыпты көтергісі келмейді. Сондай-ақ, продакшнға да айтпауымды өтінген”, – дейді Қонарова.

Продюсердің айтуынша, қазір Есеттің жағдайы жақсы. Ол аяққа тұрып, тіпті жаңа бейнебаянның түсіріліміне қатысқан. Алайда түсірілім кезінде әншінің енсаулығына ауыр зақым келгені байқалған-ды.

“Ол өте тез шаршайды. Бірақ біз үшін бәрін ұмытып, жұмысқа кірісіп кетті. Хореографиямен айналыса бастады. Әрине, өзге жігіттер сияқты бірнеше сағат қозғала алмайды. Сондықтан жаңа бейнебаянда биді жеңілдеттік”, – дейді продюсер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.