Жүрегі тоқтап қалған: дәрігер сәбиге өмір сыйлады

131

Шымкенттік дәрігер асфексияның салдарынан жүрек жұмысы тоқтап, клиникалық өлім жағдайындағы сәбиді аман алып қалды деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, оқиға Шымкент қаласындағы №2 ауруханасында болған. Жас ана жүгірген бойда жансақтау бөлімшесінің есігін жұлқылап ашып, нәрестесін аман алып қалуды өтінген.

Анасының айтуынша, нәрестесі еміп жатып сүтке тұншыққан. Ана сүті баланың өкпесіне түсіп, нәресте шашалып, демалысы тоқтаған. Соның салдарынан жүрек соғысы нашарлаған. Нәтижесінде нәрестеде клиникалық өлім жағдайы тіркелген.

«Жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер Асхат Қойшыбекұлы тез арада ауыз қуысын санациялаудан бастап, нәрестенің жүрегіне массаж жасап, өкпесін интубациялық түтікше арқылы жасанды тыныс алу апаратына қосқан. 5-6 минуттың ішінде жүрек және тыныс алу мүшелерінің жұмыстарын қалпына келтіру арқылы, сәбиге қайта өмір силаған», – делінген хабарламада.

https://turkystan.kz/article/217109-zhuregi-toktap-kalgan-deriger-sebige-omir-syylady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.