«Заң және тәртіп» қағидаты бойынша кездесу

51
Жуалыда «Заң және тәртіп» қағидаты бойынша кездесу өтті.
Бүгін «Заң және тәртіп» қағидатының негізгі талаптарын кеңінен түсіндіру мақсатында бекітілген өңірлік жоспарға сәйкес, Жуалы өңірі тұрғындарымен кезекті кездесуді өткіздім.
Қоғамда құқықтық жүйенің тұрақты әрі тиімді қызмет етуі – халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырудың басты шарттарының бірі. Қазіргі таңда азаматтар құқық қорғау және сот органдарымен тиімді өзара іс-қимыл жасап, өзекті мәселелер бойынша ашық диалог орнатып келеді. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы ынтымақтастықтың нығаюының, сондай-ақ құқық қорғау органдарының заманауи коммуникациялық тәсілдерінің жемісі.
Ашықтық пен өзара сенім – әділеттілік пен құқықтық тәртіптің негізін құрайды. Құқық қорғау органдары мен тұрғындардың бірлесе әрекет етуі – әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Бұл кездесу – жай ғана ақпарат тарату емес, керісінше, қоғаммен бірге ойланып, бірлесіп шешім іздеудің жолы деп түсінемін. Заң мен тәртіпке ортақ көзқарас қалыптасқанда ғана әділетті қоғам құра аламыз.
Біздің басты мақсатымыз – әрбір азаматтың құқығы қорғалған, ал кез келген адамның пікірі мен үні ескерілетін мемлекет құру.
Кездесу азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға оң ықпалын тигізді.
Тұрғындар өздерінің көкейінде жүрген мәселелерін ортаға салып, нақты әрі толық жауаптарын алды. Кездесу еркін пікір алмасу түрінде өтіп, тұрғындардың белсенділігімен ерекшеленді.
Осындай кездесулер халықтың құқықтық танымын кеңейтіп, қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін нығайта түсетіні анық.
«Заң және тәртіп» қағидатын дәріптеу бағытындағы осындай іс-шаралар облыстың басқа да аудандарында жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.