«Заң керуені» — Сарысуда

312
ҚР Конституциясының 83 бабында «Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды, сондай-ақ, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады» делінген.
Осы орайда Жамбыл облыстық прокуратурасының бастамасымен өңірдегі барлық елді мекендерді қамтитын «Заң керуені» акциясы Сарысу ауданында Тоғызкент, Байқадам
ауылдық округтерінде және Жаңатас қаласында жүзеге асырылды.
Аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету, азаматтардың қорғалуы, құқықтық мәдениетін арттыру және туындайтын мәселелерді шешу мақсатында ұйымдастырылған акцияға құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардан құрылған облыстық прокурорының аға көмекшісі Р.Зауырбеков бастаған топ, тұрғындармен кездесіп, заң тұрғысында (оның ішінде интернет алаяқтық, қаржылық пирамида саласында) түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құралған арнайы топ әр ауыл бойынша қалыптасқан проблемалық мəселелердің тізімін жасақтап, заң аясындағы сауалдарға жауап беріп, жиын қорытындысымен тұрғындармен және мектеп мұғалімдерімен сауалнама жүргізілді. Сондай-ақ, акция аясында топ мүшелері мектеп оқушыларымен кездесіп, оларға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған жоба аудан аумағындағы басқа да елді-мекендерде жалғасын табатынын хабарлаймыз.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.